Қазақстан Қорғаныс министрлігінде армия қызметіне қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі таңда еліміздің Қарулы Күштерінде әскерлерді жедел және жауынгерлік даярлау бойынша іс-шаралар жалғасуда. Бірлескен штабтық жұмылдыру жаттығулары кезінде стратегиялық резервтің кейбір құрамаларының орындылығы саласында бірқатар кемшіліктер анықталды. Сондай-ақ “рота-взвод” буынындағы кемшіліктер анықталып, оларды қысқа мерзімде жою тапсырылды.
Әскерлердің күнделікті өмірі барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес ұйымдастырылған. Карантиндік шараларды сақтау мақсатында жеке құрамның негізгі бөлігі жауынгерлік дайындығын сақтай отырып, қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды. Қолбасшыларға үйде жұмыс істейтін әскери қызметшілерді қадағалау және олардың достарымен кездескенін немесе қонаққа баруын болдырмау тапсырылды.
Сондай-ақ “Ливандағы БҰҰ уақытша күштері” миссиясына кетуге төртінші бітімгершілік ротасы дайындалуда, ол ағымдағы жылдың тамыз айында сол жерге келуі тиіс.
Қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаев барлық әскерге шақырылушыларды коронавирустық инфекцияның бар-жоғын тексеруді және шығыс материалдарын қамтамасыз етуде жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасауды тапсырды.