Қазақстанның қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаев елордада биологиялық қорғау бөлімшелерінің дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуін тексерді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әскери қызметшілермен әңгімелесу барысында Қорғаныс министрі қазақстандық әскери қызметшілер республика азаматтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған маңызды міндеттерді атқараып жатқанын мәлімдеді.
Қорғаныс министрлігі инфекция таралуы жағдайында әскери қызметкерлер санитарлық-гигиеналық нормалар талаптарын сақтауға және коронавирустың алғашқы белгілерін білуі міндетті екенін атап өтті
Қорғаныс ведомствосы биологиялық қорғау бөлімшелеріне жұмыс ерітінділерінің рецептурасының сақталуын бақылау және аумақтар мен объектілерді дезинфекциялауға мұқият қарау тапсырылды.
Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, қазір дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуде қолданылатын жабдықтарды ауыстыру мәселесі қарастырылуда.
Нұрлан Ермекбаев әскери қызметкерлерге азаматтардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және коронавирустың таралуына қарсы тұруға бағытталған еңбектері үшін алғысын білдірді.
Бұған дейін хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда дезинфекция 20:00-ден 6:00-ге дейін жүргізіледі. Осыған байланысты қала тұрғындарына осы уақыт аралығында үйден шықпау ұсынылады.
Сурет: zakon.kz