Республикамыздың қорғаныс ведомствосының басшылығы “жақына жанашыр бол” қайырымдылық акциясын қолдап, мұқтаж азаматтарға материалдық көмек көрсетті. Бұл туралы ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғалары коронавирусты емдеуде қолданылатын жеке қорғаныс құралдарын, антисептиктерді, санитайзерлерді, дезинфекциялық ерітінділерді, дәрумендер мен медициналық препараттарды өз есебінен сатып алып, оларды балалар үйлері мен қарттар үйлеріне тапсырды.
Қазақстанның қорғаныс ведомствосынан 395-тен астам адам материалдық көмек алды, олардың 80-і балалар.
Бұл туралы қорғаныс Министрлігі басшысының орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев айтты. Оның айтуынша, қорғаныс ведомствосы мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету бойынша қайырымдылық акциясын алғаш рет өткізіп отырған жоқ.
“Тұрақты негізде әр түрлі аурулары бар балалары бар әскери қызметшілердің отбасыларына көмек және қолдау көрсету жұмыстары жүргізілуде және олар шынымен де көмекке мұқтаж. Аталған акция Нұр-сұлтан қаласында ұйымдастырылды және халықтың осал әлеуметтік топтарына көмек көрсетуге бағытталған. Осылайша, біз отандастарымыздың көмегіне мұқтаж адамдардың мәселеріне назар аударғымыз келді, олар бей – жай қалмауы үшін, осы акцияны қолдап, мүмкіндігінше бір-біріне көмектесті”, – деді Тимур Дәндібаев.
Сурет: gov.kz