Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев бірқатар әскери мекемелерді тексеріп, оларды дамытудың басымдықтарын белгіледі, деп хабарлады tangrinews.kz ақпараттық агенттігі.
Қорғаныс ведомствосының басшысы Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасына, әскерилерді баспанамен қамту басқармасына, мемлекеттік сатып алу бас басқармасына , Армияның Орталық спорт клубына және дене шынықтыру дайындығы бас басқармасына назар аударды.
“Жұмыс қорытындысы бойынша бөлімшелердің күнделікті қызметін жетілдіру және оңтайландыруға нұсқаулар берілді, мекеме басшыларының қаржы-шаруашылық тәртібін одан әрі нығайтуға баса назар аударылды”, – деп атап өтті Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.