Ведомствоның мәліметінше, сейсенбі күні Қорғаныс министрлігінде апта сайынғы аппараттық кеңесте әскерлер мен бөлімшелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ағымдағы жағдайы туралы ақпарат тыңдалды.
Барлық факторларды, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте объективті себептерді де, нақты нәтижелерді де ескере отырып, қорғаныс ведомствосы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру мәселелерін қатаң бақылауға алады.
“Біздің мақсатымыз – Қазақстан армиясы қатарында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік. Бұл тек төмендету туралы ғана емес, сонымен бірге Қарулы Күштерде бұл құбылысты толығымен жою туралы болуы керек. Тиісті сандар осы жұмыстың нәтижесін растауы тиіс”, – деп шара барысында Ермекбаев атап өтті.
Ол бұл мәселеге жеке жауапкершілікті Қорғаныс министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының төрағасы генерал-лейтенант Тимур Дандыбаевқа, әскери полиция бас басқармасының бастығына, Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшыларына және өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің және әскер тектерінің қолбасшыларына жүктеді.
Олардың алдына ағымдағы жылы бірде – бір сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауға жол бермеу міндеті қойылды.
Сурет: politics.nur.kz