ҚР Қорғаныс министрі Қапшағай гарнизонында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдерін және радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімін дабыл бойынша көтерді. Негізгі мақсаты бөлімшелердің мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілетін тексеру болып табылады.
Бөлімше толық жауынгерлік дайындыққа шыққаннан кейін тағайындалған аудандарға марш жасап, қойылған оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Командирлер әртүрлі кіріспе бойынша шешім қабылдады.
Тексеру барысында жеке құрамның дайындық деңгейін бағалауға: штаттық қару-жарақпен іс-қимыл жасауға, практикалық атыстарды орындауға, жауынгерлік даярлық пәндері бойынша нормативтерді жүргізуге және пысықтауға ерекше назар аударылды.
Тексеру нәтижелері бойынша жауынгерлік әзірлікті қажетті деңгейде ұстау бойынша нақты тапсырмалар берілді.