Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетінің базасында Ресей-Қазақстан селекциялық-генетикалық орталығы жұмыс істей бастайды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
Осы университеттің проректоры Юрий Новиков жобаның барысы туралы толығырақ айтты. Оның айтуынша, орталықты ашу жұмыстары аяқталуға жақын. Оның жұмысы маусым айында басталады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, Новиковтың айтуынша, орталық ашылғаннан кейін ресейлік және қазақстандық мамандар бауырлас елдерде сұраныс бар ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сұрыптарын шығарумен айналысады.
Пуыл шаруашылығы дақылдарының жаңа түрлері қандай да бір себептермен осал болған және қажетті нәтижелер бермейтін қолданыстағы сұрыптарды алмастыратын болады.
Проректордың айтуынша, Ресей-Қазақстан орталығының қызметі жаңа аурулардың пайда болуына жедел әрекет етуге және өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Юрий Новиков орталық бидайдың көпжылдық және органикалық сорттарын шығаратын алғашқы жобаны алғанын айтты.
Сурет: vomske.ru