Омбы қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей жастары көшбасшыларының форумында мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытудағы заманауи медианың рөлі талқылануда.
Жастар көшбасшыларының форумына волонтерлік ұйымдардың белсенділері, ауыл жастары, қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысуда.
Бұл іс-шара қатысушыларға мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытудағы қазіргі заманғы медианың рөлі туралы тәжірибе алмасуға және пікір алмасуға мүмкіндік берді. Форумда жас дипломаттар өз идеяларын ұсынып та үлгерді.
Жастар көшбасшылары форумын ұйымдастырушылар, жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық Ресей мен Қазақстанның шекаралық аймақтары арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ететінін айтады.
Сурет: 24.kz