Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының өкілдері Оман қаржы министрлігінің мемлекеттік халықаралық облигациялары республикамыздың қор биржасында орналастырылғанын хабарлады.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, Оман қаржы министрлігінің Қазақстан қор биржасының тізіміне енгізілген облигациялар сомасы 2,5 миллиард долларды құрады.
Осыған орай Оман, Ресей мен Түркиядан кейін, Қазақстан Республикасының қор биржасында өзінің мемлекеттік облигацияларын орналастырған үшінші мемлекет болды.
Дипломаттар Оманның бағалы қағаздарын Қазақстан қор биржасында орналастыруы қаржылық ынтымақтастық саласындағы маңызды оқиға болып табылады деп санайды.