Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының шақыруы бойынша аймақтың әкімшілік орталығына Оңтүстік Кореядан жетекші дәрігер-онколог Ким Хен Чоль келді.Ол бірқатар күрделі операциялар жүргізіп, Қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасуға ниетті.
Оңтүстік Кореяның профессор-онкологы Ким Хен Чоль қазақстандық дәрігерлермен бауыр мен бүйрекке ота жасап, сүт безінің ісігін алып тастау, эндокринологиялық және ағзаларды трансплантациялау бойынша бірқатар оталар жүргізуді жоспарлап отырғанын айтты.
Түркістан Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, тұрақты тәжірибе алмасу үшін меморандумға қол қойылды, оған сәйкес облыс дәрігерлері Оңтүстік Кореялық клиникаларында кәсіби біліктіліктерін арттыра алады, осы елдің жетекші онкологтары Қазақстанға келеді.
Бүгінгі таңда өңірде онкологиялық аурулармен ауыратын 8 мыңнан астам адам тіркелген. Оңтүстік Кореяның мамандарымен ынтымақтастық облыстағы онкологиялық аурулардың азаюына ықпал етеді деп жоспарлануда.