Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Нығматулин келісімдерді ратификациялаудың уақыттылығы интеграциялық үдерістер үшін маңызды екенін атап өтті

5 года назад
Нигматулин отметил, что своевременность ратификаций соглашений важна для интеграционных процессов

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин пандемияға қарамастан халықаралық шарттарды ратификациялаудың мемлекетішілік рәсімдерінен уақытылы өтудің маңыздылығына назар аударды, деп zakon.kz хабарлады.

Мәселе мәжілістің жалпы отырысында Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуына байланысты ЕАЭО туралы шартты, одақ құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және оның органдарының актілерін Қырғызстанның қолдануы жөніндегі шарттар мен өтпелі ережелер туралы хаттамаға Түзетулерді ратификациялау туралы заң жобасын қарау барысында көтерілді.

Түзетулермен құжатқа қол қойылған күнді ескере отырып, бір жылға — 2020 жылға, Қырғызстанның кедендік әкелу баждарының төмендетілген мөлшерлемелерін қолдануы бойынша өтпелі кезеңнің қолданысын ұзарту көзделеді.

Осыған байланысты депутаттар заң жобасын әзірлеуші – сауда және интеграция министрлігінен неліктен заң жобасы ратификациялауға бір жылдан кейін ғана енгізілгенін сұрады.

Әзірлеушілердің айтуынша, бұл кідірістің басты себебі коронавирустық пандемияның әсері болды.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин құжаттың нормалары ратификациялау рәсімінің кешіктірілуіне қарамастан, мемлекет басшыларының уағдаластықтарын іске асыруға мүмкіндік беретінін атап өтіп, пандемияға қарамастан халықаралық шарттарды ратификациялаудың мемлекетішілік рәсімдерінен уақтылы өту қажеттігіне назар аударды.

Бірқатар министрліктер халықаралық шарттарды ратификациялау рәсімдерінің мерзімдерін жүйелі түрде бұзады. Сіз Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде осы маңызды ратификацияны келісудің мемлекетішілік рәсімдерін бір жылдан астам уақыт бойы жүргіздіңіз. Коронавирус ,пандемия екені түсінікті.Бірақ бізде, егер солай болса, барлығы короновирус пандемиясына сілтеме жасауды үйренді. Арменияда да, Беларуссияда да, Ресейде де Пандемия болды. Бірақ бұл елдердің үкіметтері барлық рәсімдерді уақтылы жүргізе алды және өз парламенттеріне ЕАЭО шеңберінде осы маңызды келісімді уақтылы ратификациялауға мүмкіндік берді. Сіз бір жыл бойы үкіметішілік келісімдерді ұзарттыңыз. Пандемия — бұл министрліктер мен ведомстволар жұмысының қарқынын, сапасы мен жауапкершілігін төмендетуге себеп емес, — деді Нұрлан Нығматулин заң жобасын әзірлеушіге.

Мәжіліс Спикерінің пікірінше, халықаралық келісімдерді уақытылы ратификациялау көп жағдайда министрліктердің үйлесімді жұмысына байланысты.

Біз жақында осындай келісімдерге қатысты барлық мәселелер регламенттелген халықаралық шарттар туралы заң жобасын қабылдадық. Мемлекеттік органдар осы нормаларды орындауға тырысуы керек. Бұл біздің халықаралық міндеттемелеріміз.Жалпы, халықаралық келісімдерді уақытылы ратификациялау интеграциялық үдерістер үшін маңызды екенін түсіну керек, — деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Депутат бензин бағасының тұрақты өсуіне наразы болды

Келесі

Қазақстанда сауданы дамыту бойынша ұлттық жоба әзірленді

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.