Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми сайтында Астананың атауын өзгертуге байланысты құжаттаманы ауыстыруға қатысты түсініктеме жарияланды.
«Елорда атауының өзгеруі жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау шарты, пайдалануға қабылдау актілері және басқа да құжаттарды, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжаттарды — туу, қайтыс болу, неке қию/бұзу туралы куәлік және т.б. ауыстыру міндетін азаматтарға жүктемейді», — делінген ведомство сайтында.
Сонымен қатар Әділет министрлігі құжаттарда елорданың бұрынғы атауын көрсету, олардың жарамсыз деп есептелмейтінін хабарлайды.
Өз кезегінде, Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерінде елді мекеннің атауы Астана қаласынан Нұр-Султан қаласына автоматты түрде ауысады.
Ведомствоның сайтында құқықтық мәселелер бойынша консультациялар күн сайын жүргізіледі және кез келген уақытта қолжетімді екендігі хабарланды.:
«Құқықтық ақпараттық қызмет: Қазақстан бойынша телефон — 119, Астана және Алматы қалалары үшін — 58-00-58 .
WhatsApp: +77086935631» — деп хабарланған министрліктің сайтында.
Осындай түсініктеме жаңа Президенттің қаланың атауын Нұр-Султанға өзгертуіне байланысты Жарлығына Астана қаласының тұрғындарының алаңдаушылығын тудыруына қатысты пайда болды.
Сурет: yujanka.kz




