Қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы Мұхтар Тілеуберді Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында облыстың арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелері талқыланған кеңеске қатысты.
Кеңеске қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Сыртқы істер министрлігінің басшысы ағымдағы жылдың желтоқсан айына белгіленген Президент Тоқаевтың Германияға ресми сапары аясында неміс бизнесі өкілдерін Қарағанды арнайы экономикалық аймағымен таныстыру жоспарланып отырғанын айтты.
Сонымен қатар, Қазақстан Сыртқы істер министрі, сыртқы саяси ведомство шетелдік инвесторлар мен серіктестерді Қарағанды АЭА-ға тарту үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын мәлімдеді.
Кеңес соңында сыртқы саяси ведомство, индустрия министрлігі, Қарағанды облысының әкімдігі және Қазақстанның машина жасаушылар одағы Қарағанды АЭА-ны жетілдіруге бағытталған келісімге қол қойды.