Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына сапары кезінде жалпы сомасы 2,4 миллиард доллардан асатын 30 экономикалық құжатқа қол қойылды. Құжаттар газ өңдеу мен машина жасауды қоса алғанда, екі мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымын қамтиды. Бұл туралы Kazakh Invest ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев мәлімдеді.
“Сондай – ақ, бүгін қол қойылған негізгі құжаттардың бірі Kazakh Invest пен Герман экономикасының шығыс комитеті арасындағы инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша бірлескен жоспар болып табылады.
Сартбаев құжаттардың көпшілігі өзара байланысты және қосылған құны жоғары өнімге қатысты екенін айтты.
ГФР Шығыс комитеті Германияның Орталық Азия, Кавказ және Еуропа аумағында экономикалық мүдделерін білдірумен айналысады.