Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Неге кейбір қазақстандықтар ЕАЭО-мен үзілісті қалайды

5 года назад
Ломать не строить: почему некоторые казахстанцы хотят разрыва с ЕАЭС

Осы жылдың қаңтарында біздің еліміз ЕАЭО-ға төрағалықты Беларусьтен қабылдады. Қазақстанның Одаққа қазіргі басшылық етуі, 2016 жылдағыдай, тағы да Тәуелсіздіктің мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Ол кезде біздің Республикамыз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аьаған, ал биыл 30 жылдығын атайтын болатын.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің осы лауазымдағы басымдықтары туралы айтқан. Бұл өткен жылдың желтоқсанында, ЕАЭО Жоғары экономикалық кеңесінің отырысында және ағымдағы жылдың қаңтарында Одаққа қатысушы елдердің көшбасшыларына арнайы үндеу шеңберінде айтылған. Президенттің айтуынша, биылғы жылға арналған мақсаттарды айқындауда ел басшылығы Еуразиялық одақтың жұмыс тәжірибесін және қазіргі шындықты негізге ала, ең өзекті сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді ескерді. Тоқаев негізгі назар өнеркәсіптік өзара іс-қимылға, әділ өзара саудаға, трансшекаралық көлік артериялары мен логистикалық хабтардың мүмкіндіктерін пайдалануға, тұтастай қамтитын сандандыруға, ЕАЭО-ға кірмейтін елдермен және интеграциялық бірлестіктермен қатынастарға аударылатынын айтты.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы сол кезде ЕАЭО «экономикалық және әлеуметтік жүйелердің орнықтылығын сақтау, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және ЕАЭО мен оған қатысушы елдердің дамуын қамтамасыз ету» сияқты басымдықтарға бағдарлануы тиіс екенін мәлімдеді. Президент бұған өткен жылдың соңында қатысушы елдердің көшбасшылары бекіткен Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясының іске асырылуы ықпал етеді деп санайды. Онда бұрын интеграциялық күн тәртібінде көзделмеген қызмет салаларын қоса алғанда, он бір негізгі басымдық және үш жүзден астам шаралар мен тетіктер жазылған.

БАҚ пен әлеуметтік желілерде шенеуніктердің қызметін түсіндіріп, көпшілікке тарату әлсіз болғандықтан, ЕАЭО рөлін түсінбеушілік бар. Одақ журналистер үшін ашық болса да, қарапайым азаматтарға оның мағынасын жеткізу әлі де нашар. Еуразиялық одақ әлі жас ұйым. Барлық мәселелер тез шешілмейді, өйткені көптеген мәселе бойынша келісу керек. Осыған байланысты ұйымдағы шешімдердің ықпалы аз деген сөздер жиі естіледі. ЕАЭО қызметіне қатысты мәселе жиі саясаттандырылады. Ұйым бастапқыда экономикалық одақ болған және солай қалды. Алайда, оның функциялары мен әлеуетін түсінбегендіктен, әсіресе өнімнің сапасын жақсартуға және оны сертификаттауға бағытталған бірқатар шектеулерге қатысты оны қатты сынаушылар пайда.

Әлеуметтік желілерде кейде ЕАЭО-дан шығуымыз керек деп айтылып жатыр. Алайда, бұл біздің экономикамызға қалай әсер ететінін ойламайды. Олар біздің еңбек мигранттары туралы да, ауылшаруашылық өнімдерін қайда жіберу керектігі туралы да, т.б. ойламайды. Шынында да, Одақтың арқасында біздің экономикамызды және тұтастай алғанда елімізді дамыту мүмкіндіктері бар. Бүгінгі таңда посткеңестік кеңістікте интеграцияның басқа баламасы жоқ.

ЕАЭО-ны қатты сынайтын интеграциялық процестерге қарсы күрестің алдыңғы шебінде, барлық бірлескен индустриялық жобаларға қарсы тұрған біздің жергілікті ұлтшылдар мен батысшыл ұлттық либералдар. Оның себебі түсінікті, олардың көбі ҚР-дағы америкалық қорлармен және АҚШ елшілігімен қызметтес. Олар ЕАЭО-ға қарсы насихат үшін жақсы ақша төлейді, бағыттайды, сондықтан бұл жағымсыз толқынға бірлестіктің шынайы мақсаттарын түсіндіру үшін ақпараттық науқанды қарсы қою қажет.

Ажар Ибраева, саяси бақылаушы, арнайы «Эхо Казахстана» үшін

Новости СМИ2
Алдыңғы

Тілеуберді ҰҚШҰ Бас хатшысымен негізгі бағыттар бойынша мәселелерді талқылады

Келесі

Мұнай қымбаттады: қазақстандықтардың өмірі жақсара ма?

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.