Қазақстанның елордасында, шетелдіктер жатақханасының ғимаратында Үндістаннан келген жұмысшылар төбелес ұйымдастырды. Бұл туралы астаналық полиция ведомствосының баспасөз қызметі хабарлайды.
Полиция департаментінің ақпараты бойынша, Үндістан азаматтары шетелдік жұмысшылар жатақханасында тұрып, спирттік ішімдіктер ішіп, өзара төбелесіп қалды.
Аталған оқиға салдарынан 3 шетел азаматы зардап шекті,олар дене жарақатын алды. Өз кезегінде, полиция қызметкерлері төбелес қатысушыларының сегізін құрықтады және оларды елордалық полиция басқармасына жеткізді.
Астананың полиция ведомствосының хабарлауынша, бүгінгі таңда жоғарыда аталған адамдарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің “Бұзақылық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.