Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асановпен кездесті. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жақып Асанов Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның сот жүйесін жаңғырту жоспарлары туралы хабардар етті.
Сонымен қатар, ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы қазіргі уақытта сот қызметінің сапасын жақсартуға және халықтың сот жүйесінің жұмысына деген сенімін арттыруға бағытталған 15 заң жобасы жасалғанын атап өтті.
Кездесуге қатысушылар 2018 жылғы 19 қарашадағы кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуы мәселелерін қозғады.
Сурет: Inform.kz