Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Үкімет басшысы Асқар Маминмен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында 2019 жылғы кезеңдегі елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін және экономикаға шетелдік инвестицияларды тарту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, әңгіме барысында Елбасы Арыс қаласын қалпына келтіру процесіне,Түркістан қаласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларға ерекше назар аударды.
Кездесу соңында Назарбаев Қазақстан Үкіметі мен “Нұр Отан” басқарушы партиясының мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бақылауда бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Сурет: inform.kz