Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Сергеевич Горбачевті 90 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.
Құттықтау мәтінін Ресейдегі Қазақстан елшілігі өзінің instagram парақшасында жариялады.
Құттықтауда КСРО Тұңғыш Президентінің барлық жарқын да бай мемлекеттік қызметі құрметке лайық екендігі айтылған.
Дүниежүзілік тарихтың дамуына үлкен әсер еткен үлкен өзгерістер Сіздің атыңызбен байланысты. Бір қуаныштысы, Сіз толық күш- қуатта жұмысыңызды жалғастырып, қажетті қоғамдық, гуманитарлық және ағарту жобалары жүзеге асырып жатқаныңызға қуаныштымыз. Бір кездері қатар жүріп өткен ұзақ жолымызда достық және сенімге негізделген қарым-қатынасымызды жоғары бағалаймын, – делінген құттықтауда.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевке мықты денсаулық, ұзақ өмір, бақ-береке және бар жақсылық тіледі.