Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Экономика

Нашар банктер мәжбүрлі түрде таратылады – Данияр Ақышев

7 года назад
Нашар банктер мәжбүрлі түрде таратылады – Данияр Ақышев

Алматыда өтіп жатқан қаржыгерлер конгресінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев банктерге қойылатын заманауи талаптарды атады, деп хабарлайды 24.kz, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Экономиканың дұрыс дамуы банктердің қаржылық тұрақтылығына тікелей байланысты. Осы орайда біз банктерді заман талабына бейімдеу жұмыстарын қолға алдық. Екі жылда 5 банктің лицензиясы қайтарылды. Бұған корпоративтік стандарттары төмен және тәуекелдерді басқару жүйесі әлсіз банктер ілікті. Сонымен қатар, көп банктер өзара байланыстағы тұлғаларға қарыз бергені, қаржылық есептерді жалған етіп көрсеткені үшін қаржы жүйесінен шығарылды», — деді бас банкир.

Д.Ақышев Казкоммерцбанк банкінің сауықтыру процесі басталғанын, оның Халық банкіне қосылғанын айтып өтті. Осының нәтижесінде тек Қазақстан емес, ТМД көлемінде бәсекеге қаілетті қаржы институты пайда болды.

«Ұлттық банк банк секторының тұрақтылығын арттыратын кешенді бағдарлама құрды. Басты мақсат — банктерді акционерлердің қаржысын тарта отырып сауықтыру. Бұл өз кезегінде бірнеше жыл стагнацияда тұрып қалған бизнесті несиелендірудің қайта жандануы септігін тигізбек. Сау банктердің экономиканы несиемен қамтуының көлемі 7 пайызға артқан», — деді ол.

Оның айтуынша, осы бағытта бірнеше жұмыс атқарылып жатыр. Оның бірі — алдын ала шешіп алуға болмайтын жинақ шоттары ашылғанын, халықтың банктердегі жинақтарына максималды мөлшерлеме қойылғанын атап өтті.

«Салымдардың бәріне ортақ шарттар енді өзгерді. 1 қазаннан бастап салымдарға мерзімі, түрі, толықтыру құқығына қарай максималды мөлшерлеме қойылады», — деді ол. Ұлттық банк банктерді бақылауда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа жүйеге көшті. «Енді біз проблемалық банктерді реттеу (Recovery and Resolution tools) жүйесіне көшіп жатырмыз. Бұл жүйеге сәйкес нашар банктер мәжбүрлі түрде таратылады. Бұл жаңашылдықтар халықаралық тәжірибеде өте жақсы баға алды», — деді ол.

Бас банкирдің айтуынша, талқылау институтының ашылуы қаржылық ұйымдардағы алғашқы проблемаларды анықтауға, инвесторлардың құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған.

Төлем қабілеттілігі нашар банктерді анықтау режімі жетілдірілетін болады. «Әңгіме, банк активтерінің сапасын жан-жақты бағалау туралы. Біздің ойымызша бұл рәсім тек банктердің өзіне қажет нәрсе. Тәуелсіз бағалау инвесторлардың қаржылық институттарға сенімін арттырады», — деді Ақышев. Айта кету керек, бүгін Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресі басталды. Маңызды жиын төл теңгеміздің дүниеге келгеніне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Таразда қауіпті құс еті сатылып келген. КТК

Келесі

Трамп және Путин Макронның көңілін бұзды

Ұсынамыз Пост

Еліміздің денсаулық сақтау саласында қандай медициналық қызметтерге тарифтер қайта қаралатыны айтылды
Экономика

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері жарияланды

14/05/2021 18:32

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 894 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 2021 жылдың қаңтар - сәуір айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 274,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне...

Свыше триллиона тенге планируют инвестировать в развитие Алматы
Саясат

Алматының дамуына триллион теңгеден астам қаражат инвестиция салуды жоспарлап отыр

24/04/2021 15:04

  Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен инвестициялар тарту жөніндегі кеңесте экономиканың тұрақты дамуының негізі ретінде негізгі капиталға салынатын инвестициялардың одан әрі өсуін қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылды. Қабылданып жатқан шаралардың, соның ішінде Almaty Business-2025 бағдарламасы шеңберіндегі шаралардың арқасында белсенділігі...

Минфин выявил нарушения в госзакупках более чем на пятьдесят млрд тенге
Экономика

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуларда елу млрд теңгеден астам заң бұзушылықтарды анықтады

12/04/2021 17:00

Қазақстанның қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекеттік сатып алуларда анықталған бұзушылықтар туралы айтты, деп zakon.kz хабарлайды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында камералдық бақылаумен 2,9 трлн теңге сомасына 305 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 9 111 рәсім бойынша...

Чиновники двух областей получили строгие выговоры за рост цен на продукты
Экономика

Екі облыстың шенеуніктері азық-түлік бағасының өсуі үшін қатаң сөгіс алды

12/04/2021 15:32

Атырау және Жамбыл облыстары әкімдерінің орынбасарлары әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуі үшін қатаң сөгіс алды, деп zakon.kz хабарлайды. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, кейбір өңірлерде әлі күнге дейін азық-түлік бағасының жоғары өсуі байқалады. Мәселен, 6 сәуірдегі...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.