Прокуратура тексеру барысында елорданың Байқоңыр ауданында 6 млн теңгеге салық төлеуден жалтарған, тіркелмеген 8 букмекер кеңсесінің қызметін тоқтатты.
Сонымен қатар, прокуратура 19 заңсыз ойын автоматын, 18 компьютерлік және 11 бильярд клубын анықтады. Заңсыз бизнес иелеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қылмыстық істер сотқа жіберілді.
Бизнесмендер салық өндіріп алу үшін аудандық мемлекеттік кірістер Басқармасына 3 прокурорлық қадағалау актісі жіберілді. Есепке жүзден астам компьютер мен 19 бильярд үстелі қойылды, 3 букмекер кеңсесі тіркелді, жалпы сомасы 13 млн теңгеге салық өндірілді.
Cурет: tengrinews.kz