Елордалық прокуратура өкілдері Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимін бұзудың қанша фактілері анықталғанын айтты, деп хабарлайды “Қазақпарат” ақпараттық ресурсы.
Төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бастап елорданың ішкі істер органдарының қызметкерлері 113 тәртіп бұзушыны жауапкершілікке тартты.
Прокуратура ақпараты бойынша, заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін, атап айтқанда медициналық маскалар мен антисептикалық құралдарды заңсыз сатқаны үшін 29 тәртіп бұзушы жазаланды.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тағы 83 адамды төтенше жағдай режимінің белгіленген ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты.
Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттері үшін бір азамат жауапқа тартылды.
Жалпы 99 тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік айыппұл салынды, олардың жалпы сомасы 3 миллион теңгеден астам. Ал, қалған 14 адам қамауға алынды.
Қазір Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимі жұмыс істейді, ол осы жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекцияның таралуының қиын жағдайына байланысты карантиндік режим әрекет етуде.
Сурет: caravan.kz