Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен астанада шетел инвесторларының 32-ші пленарлық отырысы басталды.
Пленарлық отырысқа Қасым-Жомарт Тоқаев және Қазақстан премьер министрі Асқар Мамин қатысуда.
Мәжілісте 31-ші пленарлық отырыстың шешімінің орындалуы бойынша есеп тыңдалады.Қатысушылар шетелдік тараптың энергетика,экология,мұнай-газ саласы,еңбек заңы,адам капиталының дамуы,шетелдік жұмыс күштерін тарту және инвесторлық саясатты іске асыру мəселелері талқыланады.
Пленарлық отырысқа қатысушылардың қарастыратын басты мәселесі – адам капиталының дамуы.
Қазақстан тарапапан Кеңес құрамына Қазақстан Үкіметі шенеуніктері,”НУХ “Бəйтерек”АҚ, “Атамекен” НПП басшылары кіреді.Сонымен қатар 32 шетел трансұлттық ірі компаниялардың басшылары және шетелдік 5 бақылаушы Қазақстан тарапынан Кеңес құрамына кіреді.
Шетел инвесторлары Кеңесі отырысының жұмысына мемлекеттік, ұлттық, трансұлттық, компаниялардың және халықаралық, қаржы ұйымдарының басшылары қатысады деп жоспарланды.
Сурет: Fic.kz