Еліміздің астанасында белсенді Ербол Есхожинге қатысты қылмыстық істі қарау бойынша сот отырысы өтті. Іспен № 2 Алматы аудандық соты айналысты.
Есхожинге қатысты істі ашуға құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлау себеп болды. Атап айтқанда, 20 қаңтарда елордадағы АҚШ елшілігінің алдында және 3 ақпанда “Бәйтерек” монументінің алдында өткен наразылық акциялары кезінде белсенді полицейлерді “Назарбаевтың күшіктері” деп атады.
Сот шешімімен Есхожин билік өкілдерін қорлағаны үшін кінәлі деп танылып, 80 айлық есептік көрсеткіш – 220 мың теңгеден астам айыппұл түрінде
жаза алды.
Бұл туралы белсендінің адвокаты Ольга Эннс өз пікірін айтты. Ол сот шешімімен келіспейтінін, өйткені үкім шығарылған кезде, тергеу рұқсат етілген мерзімінен асып кеткенін сот ескермегенін айтты.
Осының негізінде ол Астана сотының шешіміне апелляциялық шағым беру арқылы қол жеткізгісі келеді.
Сондай-ақ, белсенді де тағайындалған жазамен келіспейді және апелляциялық шағым жазып, жүгінуді жоспарлап отыр.
Сурет: 24.kz