Қазақстанның Білім және ғылым министрінің көмекшісі 11 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деп күдіктенуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің көмекшісі ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды. Ол қызмет бабын пайдаланып студенттерге арналған мектептің жазғы білім беру стартапын ұйымдастыруға бөлінген 11 млн теңгеден астам соманы алаяқтық жолмен жымқырды деп күдіктенеді”, – делінген МҚІСҚА хабарламасында.
Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтанда уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
“Күдіктіге қатысты соңғы үкім сот арқылы оның кінәлілік дәрежесін анықтағаннан кейін шығарылады”, – деп хабарлады ведомстводан.
БҒМ баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, ірі мөлшерде бюджет ақшасын ұрлады деп күдіктенген министрдің көмекшісі жауапты хатшының тұрақты көмекшісі ретінде негізгі қызметтерді атқарған. Алайда ол мемлекеттік органның штаттық санының шектеулігіне байланысты министрдің көмекшісі болып саналған.