Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында 15 көпқабатты үй карантинге жабылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдік карантин коронавирус анықталған үйлерге қойылғанын айтты. Енді осы үйлердің тұрғындарына сыртқа шығуға рұқсат берілмейді, ал тәртіп сақшылары азаматтардың белгіленген талаптарды бұзбауын қадағалайды.
Нұр-Сұлтан қаласының атқарушы органы карантинге жабылғаннан кейін көп қабатты үйлерді биологиялық қорғау бөлімшелері арнайы ерітіндімен өңдегенін атап өтті.
Елордалық әкімдікте өңдеуден және зертханалық зерттеулерден кейін үйлер карантиннен шығарылатынын айтты.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан астанасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 184 оқиғасы анықталды, ал елімізде барлығы 369 оқиға тіркелген.
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша 26 адам коронавирустан емделді.
Сурет: tengrinews.kz