Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық сенім Ұлттық Кеңесінің бірінші отырысын даярлау бойынша кездесуі өтті.Бұл туралы Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Ұлттық Кеңестің жұмыс тетігі мен бағыттары мәселелері қаралды. Сонымен қатар, ұлттық кеңесті өткізуге дайындық мәселелері талқыланды, сондай-ақ жұмыс топтары құрылды.
Президент әкімшілігінің басшысы Ұлттық кеңестің жұмысы саяси, әлеуметтік, экономикалық және адами өлшем сияқты мемлекеттік құрылыстың маңызды бағыттарын қозғайтынын айтты.
“Әрбір бағыт бойынша Ұлттық кеңестің жалпы отырысында талқылау үшін кешенді ұсыныстар әзірлеуге шоғырланатын жұмыс топтарын қалыптастыру орынды болар еді. Президент төрағалығымен Ұлттық кеңестің бірінші отырысын өткізу 6 қыркүйекке жоспарланған”, – деді Қырымбек Көшербаев.