Қазақстанның елордасында IT-саланың жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшыларының қатысуымен форум өтеді, оның ұйымдастырушысы Dell Technologies халықаралық компаниясы болып табылады.
Осы форум аясында сандық трансформацияға байланысты мәселелер талқыланады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, деректердің үлкен көлемін пайдалануға, сақтауға және қорғауға қатысты мәселелер қаралатын болады.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, оның аясында көптүрлілік пен инклюзивтілікті талқылау бойынша Women in Technology өзекті сессиясын өткізу, сондай-ақ IT-технологиялар саласындағы әйелдер мен ерлердің жағымды қасиеттері ескерілетін тұрақты Мәдениет құру жоспарланған.
“Форум бағдарламасында Dell Technologies жаңа өнімдері таныстырылатын EXPO-аймақ қарастырылған”, – деп қосты ұйымдастырушылар.
Сурет: old.elorda.info