Еліміздің астанасында азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының штаб-пәтері ашылды. Бұл туралы Қазақстанның дипломатиялық ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандық сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, штаб-пәтер “Астана” халықаралық қаржы орталығында орналасты.
Ашылу рәсіміне Әк Қазақстан сыртқы істер және ауыл шаруашылығы министрлерінің орынбасарлары Шахрат Нұрышев пен Нұрбек Дайырбеков, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының бас директоры Ерлан Байдәулет, Бангладеш ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері, Буркина-Фасо, Гамбия, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы және біздің мемлекетте тіркелген ұйымға қатысушы елдердің дипломаттары қатысты.
Ашылу рәсіміне қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының орынбасары біздің республикамыз алдағы уақытта да осы ұйымның мүшелік құрамын кеңейтуге байланысты Ислам ұйымының азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі қызметіне қолдау көрсететінін мәлімдеді.
Сонымен қатар, штаб-пәтердің ашылуы аясында азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы мен Қазақстан ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.