Еліміздің елордасында және тағы сегіз облыста халыққа қызмет көрсету орталықтары толық жұмыс істеуде. Бұл туралы “ҚазТАГ”ақпараттық агенттігі хабарлады.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтаннан басқа, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында толығымен қалпына келтірілді.
Қазақстанның басқа облыстарында, Жамбылдан басқа, жекелеген халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді, бірақ онда қызметтерді тек бизнес өкілдері ала алады.
Еліміздің аталған облыстарында жұмыс істеп тұрған Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару үшін қазақстандықтарға алдын ала сапар брондау қажет, ал мұны электрондық үкімет порталы арқылы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалып жасауға болады.
Ағымдағы жылдың наурыз айында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстандағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды.
Бұл COVID-19 ауруының қаупін төмендету мақсатында жасалды, себебі халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтардың жаппай шоғырлануы үнемі байқалады.
Сурет: almaty.tv