Екі қабатты коттедж Нұр-Сұлтанда жанды. Өрт үйдің 20 шаршы метр алаңын жойды,деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Өрт туралы хабарлама сағат 15.53-те келіп түсті. Төтенше жағдай Есіл ауданы Үркер шағын ауданында орын алды.
Шамамен 40 минуттан соң өрт сөндірушілер отты ауыздықтады, ал сағат 17.01 минутта өртті сөндірді.
Өрт сөндіруге 22 адам мен 3 арнайы техника жұмылдырылды.
Жану себептері анықталуда.
Сурет: баспасөз қызметі