Қазақстан астанасында келесі жылы дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлік конференциясы өтеді. Конференция өткізу туралы келісімге Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың сапары аясында Женевада қол қойылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
ДСҰ Бас директоры Роберто Азеведо ұйымның конференцияға дайындық тұрғысынан Қазақстанмен тығыз қарым-қатынасқа дайын екенін атап өтті.
Женеваға сапар аясында Сұлтанов ДСҰ-ға қатысушы негізгі елдердің елшілерімен бірқатар кездесулер өткізді. Әңгіме барысында тараптар болашақ конференцияның қорытындысын талқылады. Сауда және интеграция министрі қазіргі әлемде көпжақты сауда жүйесі жиі протекционизм және бір жақты сауда шаралары сияқты проблемаларға тап болатынын атап өтті. Осыған байланысты ол ДСҰ-ға қатысушыларды түрлі сын-қатерлер мен қажеттіліктерге қарсылық бере алатын шешімдер қабылдау үшін алдағы конференцияда жемісті жұмыс істеуге шақырды.
Келіссөздердің негізгі тақырыптары ұйымды реформалау, қызметтерді реттеу саласына жаңа жаһандық ережелерді енгізу, инвестициялау идеяларын және электрондық қызметтерді ілгерілету, сондай-ақ балық аулау бойынша субсидиялар мәселелері болып табылады.
Сурет: inbusiness.kz