Қазақстан астанасында “Цифрландыру арқылы трансформация: университеттер және сапаны қамтамасыз ету” атты екінші Еуразиялық форум өтіп жатыр, оның барысында қатысушылар жоғары білім беру саласындағы өзекті мәселелерді қарастырып, оларды шешу бойынша өз көзқарасын білдіреді.
Форум аясында қатысушылар елімізде ашық білім беру технологиясын енгізуді талқылап үлгерді. Шетелдік мамандар Қазақстанда ЖОО базасында қашықтықтан білім алуға болатын онлайн-курстар ашу қажет деп санайды.
Қазақстандық сарапшылар шетелдік мамандардың ұсынысын тыңдап, осы мәселені шешу жоспарын жасады.
Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің Президенті Шолпан Қаланова “әрбір адам өз қарқынында білім алуы үшін, білім беру уақытын қысқарту үшін әлем цифрландыруға ұмтылуда. Ендігі мәселе біздің оқытушылар, жоғары оқу орындары, мектептер осы бағытта үнемі жұмыс істеп, алға жылжып, соңғы сандық технологияларды енгізіуінде”-деді.