12 қыркүйекте Қазақстанның елордасында “Алматы және Нұр-сұлтан қалаларының тұрғындарын қаланы дамытуға тарту бойынша тәжірибе алмасуы” тақырыбында конференция өтеді. Іс-шара “Астана” халықаралық қаржы орталығының алаңында өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан әкімшілігінің ақпараты бойынша, конференцияға билік органдары мен бизнес өкілдері, сондай-ақ азаматтық белсенділер мен әлеуметтік кәсіпкерлер қатысады.
Конференция барысында қатысушылар Алматы мен Нұр-Сұлтан жобаларын жүзеге асыруға қатысты мәселелерді қарайды деп жоспарлануда. Сондай-ақ, іс-шарада елордамыздың проблемалық мәселелері талқыланады деп күтілуде.
Конференцияны ұйымдастырушы Британ Кеңесі, “Алматы қаласының даму орталығы” АҚ, Қазақстан-Британ техникалық университеті, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктері iKOMEK109 мониторинг және жедел әрекет ету қалалық орталығы.
Айта кетейік, “Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындарын қаланы дамытуға тарту бойынша тәжірибе алмасу” тақырыбындағы конференция Еуроодақтың қаржылық қолдауымен іске асырылып жатқан “МыАлматы” жобасы аясында өтеді.