Еліміздің астанасының орталығында жолдың жүру бөлігінде асфальт құлады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Астана Су Арнасы” МКК жол төсемі бұзылған Мәңгілік Ел,39 учаскесінде кәріз құдығын қалпына келтіру бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні жол төсемін жөндеп,кәріз құдығы ауыстырылады”, – деп хабарлады әкімдік.
Нұр-Сұлтан әкімшілігінің ақпараты бойынша, асфальттың опырылуына кәріздік шаю себеп болған.
“Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары кезінде Мәңгілік Ел даңғылындағы автокөлік қозғалысына шек қойылмайды”, – деп хабарлады әкімдік.