«Нұрлы жол» – Риддер пойызының жүру уақыты 5 сағатқа қысқартылады. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа кестеге сәйкес пойыз сағат 19:30-да Астана-Нұрлы жол стансасынан шығады. Риддер станциясына келу уақыты – 18 сағат 7 минут. Риддер станциясынан 21 сағат 55 минутта шыққан пойыз, Астана – Нұрлы жол станциясына 20 сағат 43 минутта келеді. Ресейлік шекара бекеттерінде ұзақ аялдамалар алынып тасталды. Жолда жүру уақыты – 23 сағат 23 минут.
22 мамырдан бастап, тасымалдаушыға келген көптеген өтініштерден кейін, № 375/376 «Нұрлы жол – Риддер пойызының маршруты «Семей−Шар−Өскемен» теміржол учаскесі арқылы (Семей-Локот (РФ Алтай аймағы) – Өскемен орнына) өтетін болады.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Семей-Локоть пен Шемонаиха-Өскемен-1 учаскесінде жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады және іс-шаралар өткізеді.
Сурет: tengrinews.kz