Бүгінгі онлайн-брифинг барысында Нұр-Сұлтан əкімі Алтай Көлгінов астана әкімдігінің немен айналысып жатқанын айтты. Бұл туралы “Қазақпарат”ақпарат агенттігі хабарлады.
Күлгіновтың айтуынша, елорда әкімдігі қазір өз штаты мен бюджетін қысқартуда. Әкім оңтайландыру Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті тапсырмасы аясында жүргізіліп жатқанын атап өтті.
“17 заңды тұлға оңтайландырылды,сондай-ақ бюджет қайта қаралды, 28миллиард теңгеге өнімсіз шығындар қысқартылды. Қазір тағы 7 миллиард теңгені қысқарту үшін жұмыс істеп жатырмыз”, – деді Алтай Көлгінов.
Жалпы, қала әкімінің айтуынша, 35 миллиард теңгені оңтайландыру жоспарланды, олар кейіннен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдық міндеттерді шешуге бағытталатын болады.
Сонымен қатар, Күлгінов атап өткендей, осы соманың 14 миллиард теңгеден астамы инженерлік инфрақұрылымға салу, ал 6,5 миллиард теңгеден астамы білім беру және денсаулық сақтау, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағыттау жоспарланып отыр.
Сурет: tengrinews.kz