Нұр-сұлтан үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында қалада 9 жаңа мектеп салынады, деп ХАА “ҚазАқпарат”хабарлайды.
Қала әкімдігінде өткен брифинг барысында қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин № 5 мектептің жанында тағы бір оқу орнының құрылысы аяқталатынын, ал №24, №31 және №40 жанында қосымша құрылыс салынатынын айтты.
“Олар тапсырылғаннан кейін үш ауысымды білім беру мәселесі шешілетін болады. Қалған екі мектепте құрылыс бойынша жоспар бар. Біз №27 және № 32 мектептердің құрылысын жоспарлап отырмыз, алдағы бірнеше жылда мәселе шешіледі”, – деді ол.
Жанғозин өткен жылмен салыстырғанда мектептерде оқушылар саны 18 мыңға көбейеді деп күтілуде,осыған байланысты орын жетіспеушілігі мәселесі өзекті болады.
“Жалпы біз бұл мәселені шешу үшін белсенді түрде қозғалып келеміз. Бірақ бүгінгі күні бізде 9 мектеп пен 10 қосымша құрылыс салынуда. Оған қоса, біз жақын арада құрылысты бастауды жоспарлап отырмыз, үш ауысым мәселесін шешу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы дайындаудамыз”, – деп атап өтті ол.
Сурет: inform.kz