Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің күзгі маусымы басталды. “Хан Шатыр” СОО жанындағы алаңға қала әкімі Алтай Кулгінов пен Түркістан облысының әкімі Умірзақ Шукеев келді.
Әрбір өнім түрі үшін жеке секциялар бөлінген, нарықтық бағадан төмен бағамен көкөністер, жемістер, ет және сүт өнімдерін сатып алуға болады.
Жәрмеңке маусымын Түркістан облысы ашты. Өңіріміздің 60 тауар өндірушілерінің тауарларын ұсынып, Астанаға 250 тоннадан астам өнім әкелінді. Сондай-ақ өңір қазақстандық жиһаз және мектеп формасын ұсынды.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері әр демалыс күндері 28 қазанға дейін өтеді:
7-8 қыркүйек: Қостанай және Алматы облыстары
14-15 қыркүйек: Павлодар
21-22 қыркүйек: Ақтөбе және Қызылорда облыстары
28-29 қыркүйек:ШҚО және Атырау облыстары
5-6 қазан: Қарағанды облысы
12-13 қазан: Павлодар облысы
19-20 қазан: СҚО
26-27 қазан: Ақмола облысы