Біздің республикамыздың бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері бар екенін айтты.
“Өкінішке орай, бүгінгі күні бізде Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында короновирус ауруымен ауырған медицина қызметкерлері бар”, – деді Айжан Есмағамбетова.
Осыған байланысты Қазақстанның бас санитарлық дәрігері медицина қызметкерлеріне арналған инфекциялық қауіпсіздік шаралары көрсетілген жаңа қаулы шығарды.
Сонымен қатар Айжан Есмағамбетова жаңа қаулыда жұмыс сипатына және оның қауіптілігіне байланысты жеке қорғану құралдарына қойылатын талаптар көрсетілгенін айтты.
Бұған дейін БАҚ-та Министрлер Кабинеті коронавирусқа қарсы күрес іс-шараларына қатысатын қазақстандық дәрігерлердің жалақысына үстемеақы бекітілгені хабарланған.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, біздің республикада коронавирус инфекциясын жұқтырудың 375 оқиғасы тіркелді, індеттің таралмауы үшін барлық мүмкін шаралар қабылдануда.
Сурет: ru.sputniknews.kz