“Нұр Отан” партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі ресми бетінде басқарушы партияның хатшысы өзгергенін хабарлады.
Бұған дейін “Нұр Отан” партиясының хатшысы қызметін Тамара Дүйсенова атқарды. Партия төрағасының орынбасары бұрынғы хатшыға атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, оған еңбек жолында табыс тіледі.
Тамара Дүйсенова басқа жұмысқа ауысуына байланысты “Nur Otan” партиясының хатшысы қызметінен кетеді”, – деді Бауыржан Байбек.
Партия төрағасының орынбасары партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыруға Дүйсенованың зор үлес қосқанын атап өтті.
Тамара Дүйсенова 2018 жылдың ақпан айында “Нұр Отан” партиясының хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды.