Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

«Нұр Отан» партиясы жаңа бағдарлама қабылдады

7 года назад
Партия «Нур Отан» приняла новую программу

«Нұр Отан» партиясы» «Әл-ауқат қоғамы: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасын қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі.

Экономикалық жағынан бағдарлама либералды сипатқа ие. Ол партияның 2030 жылға дейінгі дамуы туралы түсінігін бейнелейді және Президент Назарбаевтың жаңа әлеуметтік доктринасын жүзеге асыруға бағытталған.

Бағдарлама партия жұмысының 10 басым мақсатын белгілейді.

1-ші мақсат «Әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқаты» деп жарияланды. Ол «дамудың үш векторына» бағытталған: отбасыларды тікелей қолдау, мүгедектер мен зейнеткерлерді әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру.

«Әркімге қол жетімді болашақ білім» — бағдарламаның 2-ші басым мақсаты осылай тұжырымдалған. Ол қазақстандықтардың жаңа инновациялық буынын дайындауды, білім беру жүйесіне үздік мамандарды тартуды, білім беру инфрақұрылымын дамытуды қамтиды.

3-ші мақсат — «Дені сау адамдардың мықты ұлты». Ол медицинаға үздік мамандарды тартуды, медициналық инфрақұрылымды дамытуды және салауатты ұлт қалыптастыруды көздейді.

4-ші мақсат — «Инклюзивті экономика». Халықтың табыс деңгейін арттыру, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу және инфляцияны төмендету жоспарлануда. Сондай-ақ бұл тармақ экономиканы технологиялық жаңғыртуды, цифрландыруды және қаржы секторының тұрақтылығына қол жеткізуді көздейді.

«Дамыған бизнес қоғам әл-ауқатының негізі ретінде» деген 5-ші тармақ экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту, сонымен қатар бизнеске мемлекеттік қолдауды күшейту, бизнесмендер үшін кредиттердің қолжетімділігін арттыру міндеттерін қояды.

6-шы мақсат — «Азаматтар үшін қолайлы өмір сүру жағдайы». Бұл сапалы тұрғын үй құрылысын, жол құрылысының ауқымын арттыруды, қалалар мен ауылдардағы инфрақұрылымды дамытуды, экологияны жақсартуды білдіреді.

Қалған төрт тармақ саяси сипатқа ие және оларда либерализм әлдеқайда аз.

7-ші мақсат — «Азаматтардың мүддесі үшін тиімді мемлекет». Бұл мемлекеттік аппараттың қызметін жаңғырту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, саяси жүйені дамыту және нығайту.

8-ші мақсат — «Жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамы». Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған жаңғырту идеяларын насихаттауға, қоғамдық қатынастарды үйлестіруге, «Нұр Отан» партиясының негізгі серіктестерінің бірі болып табылатын азаматтық сектормен өзара іс-әрекетті жандандыруға бағытталған.

«Жастар — үлкен мүмкіндіктер ұрпағы». Жастарға әлеуметтік қолдау көрсету және оның әлеуетін дамыту, жастар арасында патриотизмді насихаттау, мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру жоспарлануда.

Бағдарламадағы ең маңызды пункті — «Нұр Отанның ұзақ мерзімді саяси басшылығы», оның мақсаты — партияға халықтың сенімін нығайту, елдегі қоғамдық бақылаудың негізгі институты ретіндегі рөлін нығайту және «Нұр Отан» партиясының ұзақ мерзімді саяси басшылығын қамтамасыз ету. Бұл, Назарбаев орнынан кеткеннен кейін де партияның басты мақсаты елдегі саяси жүйесін үзбей сақтап қалу және оған елеулі өзгерістерді болдырмауды білдіреді.

Сурет: telegram.org

Новости СМИ2
Алдыңғы

Қаржы министрлігі 4 ЖОО мен спорт мектебін сатады

Келесі

Елбасы "Нұр Отан" партиясының съезінде сөз сөйледі

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.