Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен еліміздің астанасында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды.
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.
Бұған дейін Елбасы саяси кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру туралы Қаулыға қол қойды. Құжатқа үкімет өкілдері, мәжілістегі партия фракциясы, сондай-ақ еліміздің өңірлерінің басшылары қатысады деп айтылған.