Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай “Нұр Отан” партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы басталғанын хабарлады. Бұл туралы ол Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің ресми парақшасында хабарлады.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының төрағалығымен “Нұр Отан” партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы басталды. Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер, соның ішінде сайлау туралы жаңа заңнама бойынша электоралды кезеңге дайындық”, – деп жазды Үкібай Twitter-дегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, 1999 жылы “Нұр Отан” партиясы құрылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен партия еліміздің басты саяси күшіне айналды.