“Нұр Отан “партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова партияның Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына қатысатын үміткер қашан анықталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дүйсенованың айтуынша, кандидатты анықтау үшін партиялық конференциялар өткізіледі.Онда кандидаттар ұсынылатын болады
Партиялық конференциялар екі апта ішінде өткізіледі.
Сондай-ақ, Дүйсенова Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Нұр Отан” партиясының мүшесі екенін атап өтті.
Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау 9 маусымда өтеді.
Сурет: Sputnik