Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Н.Ә.Назарбаев бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды

7 года назад
Н.Ә.Назарбаев бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «2018 — 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Үкімет Мәжілісте 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған жобасын және елдің 2020 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтыланған болжамын таныстырды. Бюджетті қайта нақтылауға Шымкент пен Түркістан облысының әкімшілік статусының өзгеруі негіз болды. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Даленовтің мәліметінше, ЖІӨ нақты өсімі 3,8 пайыз көлемінде қалды. Негізгі салалардың өсім қарқыны бұрынғы деңгейде.

«Мұнайдың әлемдік бағасының және экономиканың өсімін ескеретін болсақ, экспорт 56,5 миллиард долларға дейін көтеріледі, импорт 33,2 миллиард долларға дейін (шамамен 1 миллиард долларовға аз) төмендейді. Инфляция бекітілген диапазонда болады деп күтілуде», — деп мәлімдеді Даленов Мәжілісте.

Айтуынша, кіріс көлемі де бекітілген жоспарға сай болады.

«Шымкент статусының өзгеруіне байланысты 2018 жылдың бюджетінде Түркістан облысы бюджетінен трансферттердің түсімі қарастырылған, сомасы 15 миллиард теңге, ол Шымкент бюджетіне аударылады», — деді Даленов.

Болжамға сәйкес, республикалық бюджеттің шығыны шамамен 9 триллион 656 миллиард теңгеден тағы 12,6 миллиард теңгеге ұлғаяды

Новости СМИ2
Алдыңғы

ҰҚК Алматыда және үш облыста арнайы операция жүргізді

Келесі

Г.Головкинның кіммен және қашан рингке шығатыны белгілі болды

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.