Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Мысырда орналасқан «Әл-Азхар» университетінде Абай Құнанбаев орталығы мен «Қазақ тілі» мамандығы ашылатынын айтты.
«Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиев «Әл-Азхар» университетінде Абай орталығын ашып, оқу бағдарламасына «Қазақ тілі» мамандығын енгізуді ұсынды. Ректор Мұхаммед әл-Махрасауи бұл бастаманы оң қабылдап, өз тарапынан оны жүзеге асыруға қолдау көрсетуге уәде берді», – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінде.
Министрлік қызметкерлері бұл бағыттағы жұмыстар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірлесіп жүзеге асырылатынын атап өтті.
Сурет: Kaztag.kz