Біздің республикада мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері,жалпы сомасы 160 миллиард теңгені құрайтын, жеңілдетілген несие алды. Бұл туралы қазақстандық тұрақтылық қорының баспасөз қызметі хабарлады.
Кәсіпкерлікті жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етіп жатқан қазақстандық тұрақтылық қоры. Бұл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарсырмасы бойынша Қазақстанда бастау алған шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасына сәйкес жасалып жатыр.
Тұрақтылық қорында жеңілдетілген несиелер кәсіпкерлерге 12 айға дейін 8%-дан аспайтын жылдық мөлшерлеме бойынша берілетінін атап өтті. Бұл індеттің таралу кезеңінде бизнесмендерді қолдау үшін жасалады.
Бүгінгі таңда жеңілдетілген несие алушылар қатарында көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс салаларында маманданған кәсіпкерлер көш басында тұр.
Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасын қазақстандық тұрақтылық қоры, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және республикамыздың 12 банкі бірлесіп жүзеге асыруда.
Сурет: creditometr.online