ҚР Парламенті Сенаты мобильдік қосымшаны іске қосты,деп “ҚазАқпарат” ХАА Парламенттің жоғарғы палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сізге Android Және IOS платформаларында Senate мобильді қосымшасының іске қосылғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз. Біз оны сіздің ыңғайлылығыңыз және бізбен қарым-қатынас жасау қарапайымдылығыңыз үшін құрдық. Бұл өз уақытын бағалайтын және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатындағы оқиғаларды білгісі келетіндерге арналған қосымша. Сондай – ақ Сенаттың іс-шараларын бақылауға, отырыстардың стенограммаларын оқуға, палатаға келіп түскен заң жобалары туралы білуге, депутаттардың мемлекеттік органдарға сауалдары туралы ақпарат алуға мүмкіндік бар”, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қолданбаны орнату үшін AppStore (iPhone) немесе Play market (Android үшін) кіру керек, Senate іздеуді енгізу, қолданбаны жүктеу және орнату.
Сондай-ақ, баспасөз қызметінде сервис жетілдірілетіндігін хабарлады. Сондықтан іске қосу сынақ деп саналады.