Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Мобиль құрылғыларды тіркеу. IMEI-код туралы кеңестер

7 года назад
Мобиль құрылғыларды тіркеу. IMEI-код туралы кеңестер

IMEI-код дегеніміз не?, Құрылғының IMEI-кодын қалай тіркеуге болады? және тағы басқа сұрақтар туралыkaz.tengrinews. хабарлайды

IMEI-код дегеніміз не?

IMEI код — құрылғы, кепілдік талонында және телефон қорапшасында көрсетілген 15 цифрдан тұратын сериялық нөмір. Ол SIM-карта жұмыс істейтін барлық құрылғыда бар. Код SIM карта ұяшығына жазылады, яғни құрылғыда екі слот болса, онда оның екі IMEI коды болады.

Құрылғының кодын білу үшін * # 06 # комбинациясын теру қажет. Бұл пәрмен телефондарға арналған, оператормен байланысы жоқ.

IMEI код мобильді операторлар мен құқық қорғау органдары смартфон немесе басқа құрылғының нақты сіздікі екенін білуі үшін қажет, сондықтан оны тіркеу керек.

Құрылғының IMEI-кодын қалай тіркеуге болады?

Ұялы байланыс операторлары IMEI кодтарын тегін тіркейді. Тіркелу жолын білу үшін өз операторыңыздың қоңырау шалу орталығына хабарласыңыз.

Beeline желісінің баспасөз қызметі өкілдері *835# пәрменін теру арқылы телефонның тіркелгенін тексеруге болады деп хабарлады. Алдымен сізге SMS хабарлама келеді. Кейін құрылғы тіркелмеген болса, 6914-ке өзіңіздің ЖСН нөміріңізді SMS арқылы жолдай аласыз. Бұл жағдайда SMS жіберілген құрылғы тіркеледі.

«Жүйе ЖСН-ді қабылдайды, жіберілген нөмірдің иесіне сәйкестігін тексереді. Барлығы дұрыс болса, ЖСН жіберілген телефонның IMEI коды осы деректерге қосылады. Ал қалғанын жүйе автомат түрде жасайды», — деп хабарлады Beeline желісінің баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, осы желінің пайдаланушылары *691# пәрменін теріп, 6914 нөміріне қоңырау шалып, операторға ауызша айтып, «Менің Билайным» қосымшасына тіркеліп немесе компанияның кез келген кеңсесіне келе алады.

Сонымен қатар, QIWI рқылы телефонның балансын толтыру қажет болса, төлем терминалына тіркеу ұсынылады. Ал шалғайдағы ауылдарда технологияны нашар түсінетін адамдарға көмекке «Қазпочта» қызметкерлері келеді.

«Жақсы ойластырылған тіркеу жүйесі бар, алдымен почта операторы өзінің сәйкестендіру кодын енгізеді, содан кейін ғана абоненттің деректерін жазады. Яғни бәрі мөлдір болады, ал кейін деректер қайдан және қалай келгенін анықтауға болады», — деп сендірді «Beeline» баспасөз қызметі өкілдері.

Телефонның екі SIM картасы болса, екі IMEI кодты да тіркеу керек болады. Сонымен қатар SIM карталардың орындарын ауыстырсаңыз, телефонды қосқаннан кейін жүйе оны автомат түрде көреді.

Жүйе ЖСН-ді қабылдамаса, онда бұл телефон басқа адамға тіркелген деген сөз. Мұндай жағдайда ұялы байланыс операторына хабарласу керек.

Жаңа телефон сатып алғанда не істеу керек?

Beeline баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, жаңа гаджет сатып алған кезде көп жағдайда авторизация автомат түрде жүреді.

«ЖСН нөміріңізді мұның алдында ұялы байланыс операторының базасына енгізсеңіз, онда сіздің ЖСН және толық аты-жөніңіз жүйе бар. Слотқа SIM-картаны салғанда, жүйе құрылғының іздестіру тізімде жоқ екенін, полицияға немесе Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыз келмегені және оның заңды сатып алынғанын көреді. Осылайша жүйе автомат түрде оны сізге байланыстырады», — деп хабарлады компания өкілдері.

Оператор ұсынатын жалғыз нәрсе — тіркелгеніңізді *835# нөмірі арқылы тексеру немесе «Менің билайным» қосымшасына кіру.

Бұрындары қолданыста болған телефонды сатып алған жағдайда не істеу қажет?

Кез келген қолданылған телефонды алдымен ұялы байланыс операторларына хабарласып тексерген жөн. Себебі ол басқа адамға тіркелген болуы мүмкін. Дұрысында қолданылған телефонды мүлдем алмаған дұрыс.

Базарда келе жатқанда басқа адамға тіркелген, ұрланған немесе мүлде жұмыс істемейтін телефон алу қаупі бар.

Құрылғы бастапқыда өзге адамға тіркелген, бірақ одан алынған болса, өзіңіздің SIM-картаңызды салып, қайта тіркеу қажет. Ал сатып алынған телефон әлі өзге біреудің атына тіркелген болса, онда байланыс операторыңыздың кеңсесіне хабарласыңыз.

«Бұл жүйе құрылғы иесін қорғайды. Мысалы телефоныңызды ұлрап кетсе, операторыңызға хабарлассаңыз оны толығымен өшіріп тастай алады. Ол жәй ғана пластик күйде қалады. Телефонды сата алса да ол жұмыс істемейді. Ал телефонды қадағағыңыз келсе, алдымен полицияға арыз жазып, содан кейін нұсқауларды орындаңыз», — деп түсіндірді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Сондай-ақ, тіркеу сізді телефонды сатқанда қорғайды. Операторлар құрылғыны дереу атыңыздан шешуге кеңес береді. «Мысалы сатқаннан кейін екі сағат өткенде телефоныңыздан қоңырау шалып, мына жақта бомба бар деп белгісіз біреу хабарласса, бәрібір жауапты сіз боласыз», — деп хабарлайды Beeline баспасөз қызметі өкілдері.

Ұялы байланыс операторларын ауыстырған жағдайда не істеу керек?

Бір байланыстан екіншісіне тек компанияның оператор кеңселерінде ғана ауыса аласыз. Сіз керекті құжаттарыңызды көрсеткеннен кейін консультанттар сіздің деректеріңізді тексеріп, оларды дерекқорға (базаға) енгізеді. Содан кейін ғана сіз құрылғының тіркелген пайдаланушысы бола аласыз.

2019 жылдың 1 қаңтарында не болады?

Тіркелмеген ұялы құрылғының қолданушыларына 2019 жылдың 1 қаңтарының түн ортасынан бастап қызмет көрсетілмейді. «Біз көктемнен бастап ұялы телефондарды тіркеп жатырмыз. Ұялы байланыс операторы сізге IMEI кодын тіркеуге мүмкіндік береді, бірақ заңға сәйкес абонент өзі тіркелуі тиіс, оператор емес. Бұл рәсімді барынша жеңілдетуге тырыстық, қалғанына пайдаланушы жауапты. Егер тіркелмеген қолданушы 1 қаңтарда түнде байланыс желісіне шыққысы келсе, «Beeline» оны автоматты түрде тіркелу парақшасына бағыттайды. ЖСН енгізілгеннен кейін, желі оған қайта қол жетімді болады», — деді компанияның баспасөз қызметіндегілер.

Туристер не істейді?

Өз елінің роуминг байланыс желісін қолданатын шетелдік туристер үшін еш қиындық тумайды. Компанияның кеңселерінде қазақстандық ұялы байланыс SIM-карталарын сатып алатын туристер өз құжаттарын ұсынғаннан кейін, олар да IМEI-код базасында тіркеледі.

Новости СМИ2
Алдыңғы

2019 жылдан бастап салық төлеушілер топтарға бөлінеді

Келесі

Ауғаныстандағы терракт, қаза тапқандар да бар.

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.